Серік Жұманғарин Екібастұздағы жағдай туралы: лауазымды тұлғалардан сұрау болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграциия министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы жылу-электр орталығына иелік етіп отырған компанияның тағы бір нысанында бұған дейін апат болғанын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, ертең осы проблемаға қатысты құзыретті органдар мен әкімшіліктердегі лауазымды тұлғалардан сұрау болады», - деді ол Үкімет отырысынан кейін.

Үкімет өкілі бұған дейін министрліктер мен әкімдіктер жылыту маусымына сақаждай-сай екені туралы есеп бергенін еске салды.

«Қысқа уақыттың ішінде бір компанияда екінші рет шетін жағдай туындап отыр. Бұл – алаңдайтындай белгі. Бүкіл жылу беру нысандарында не болып жатқанын зерделеу керек. Менің ойымша, қалалардың жылу жүүйесіндегі проблемаларға бүге-шүгесіне дейін талдау жасау керек. Бәрінен бұрын жылу инфрақұрылымының тозу көрсеткішіне талдау жасалуы керек.

Біз жылыту маусымына дайындық бақылауда ұстап келгенімізді ұмытпаукерек. Барынша бақылауда ұстадық. Жергілікті атқарушы органдар, министрліктер маусымға дайын екендері туралы есеп берді. Енді осындай оқиға болып отыр», - деді вице-Премьер.


Фото: Константин Шелков

Соңғы жаңалықтар