Серік Жұманғарин екі әуе компаниясына қатысты тексерудің мән-жайын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тиісті мәліметті ұсынбағаны үшін Air Astana компаниясына айыппұл салынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады.

Осы орайда «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Эйр Астана» акционерлік қоғамына, «Скат» акционерлік қоғамына қатысты, сондай-ақ, дәрілік заттар нарығындағы монополияға қарсы тергеулер жүргізіліп жатқаны айтылды.

«Air Astana мәліметтердің ақпараттар базасына, компанияның қаржылық есептілігіне қатысты деректерді беруден бас тартты. Осының барлығын жоққа шығарды. Біз барлық сотта жеңіп шықтық, сондай-ақ тек ақпарат ұсынбағаны үшін 20 млн теңге айыппұл салып, сот орындаушыларына тапсырдық», - деді С. Жұманғарин «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ тілшілерімен кездесу барысында

Осы орайда ол агенттік әуе компаниясына қатысты монополиялық жоғары баға бойынша тексеруді әлі де аяқтамағанын жеткізді. Бұл тұрғыда билет құнының өсуіне қатысты факті тексерілді.

«Тексеру 2019-2020 жылдары жүргізілді. Ол кезде агенттік құрылмаған еді. Қазіргі кезде компанияға қатысты шара қабылдауды пысықтап жатырмыз. Қорытынды ақпаратты алғаннан кейін тиісті шешім жасалады», - деді агенттік басшысы.

Мұнымен қоса С. Жұманғарин SCAT әуе компаниясы барлық ақпарат ұсынғанын, ол бойынша дайын шешім бар екенін айтты.

«SCAT –та келісім комиссиясына құқығы бар. Тексеру туралы қорытынды берілгеннен кейін, оларда біздің шешімге қарсылық тануға қажетті уақыт бар. Дегенмен оларда да монополиялық жоғары баға байқалып отыр. Қос компанияға бірдей тәсілді пайдаланымыз, яғни жазалау немесе қандай да бір уағдаластық болуы ықтимал. Себебі қазіргі кезде сыртқы нарықтар жабық, ішкі нарықтар қысқарып қалды. Біздің кез келген жазамыз тұтынушыларға, жолаушыларға әсер етпей қоймайды», - деді агенттік төрағасы.


Соңғы жаңалықтар