Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланды.

«Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді» делінген мәліметте.

Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.

Еске сала кетейік, Серік Жұманғарин таяуда ғана ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған еді.



Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар