Серік Жұманғарин ЕАЭО елдері «Цифрлық күн тәртібін» жүзеге асыруды неге кейінге қалдырғанын айтты

Фото:
МӘСКЕУ.ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ІІ Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен «ЕАЭО цифрлық трансформациясы» сессиясында цифрлық күн тәртібі Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Біз қамтамасыз етуіміз керек және бастапқыда жариялаған ең маңызды басымдық – төрт экономикалық еркіндікті ұйымдастыру болды. Бастапқыда экономиканы біріктіру туралы айтып, халық пен бизнеске одақтың пайдасын дәлелдедік», - деді Серік Жұманғарин.

Ол, сондай-ақ, ЕЭК туралы шартта және ЕАЭО-2025 Стратегиясында белгіленген бағдарларды ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, бүгінгі таңда стратегияның орындалуы көп нәрсені талап етеді және кейбір жоспарлар бойынша артта қалушылық байқалады, сонымен қатар ЕАЭО бірнеше факторлармен, соның ішінде коронавирус пандемиясы мен геосаяси жағдайдың өзгеруіне қарамастан, өсудің жаңа кезеңіне өтті.

Серік Жұманғарин ЕАЭО-ның негізгі басымдықтары қатарында цифрлық күн тәртібін дамытуды атады.

«Технологиялық даму онымен бәрібір байланысты. Цифрлық күн тәртібі - одақтың түрлі мақсаттар бойынша бөлінген цифрлық платформасы. Біз оны қайтадан жүзеге асырдық, бұл объективті себептерге байланысты болып жатыр»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, ЕАЭО кеңістігінде цифрлық күн тәртібін дамыту ағымдағы проблемаларды, мысалы, одақ елдері арасындағы техникалық реттеу саласындағы кедергілерді жоюды серпінді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

24-25 мамырда Мәскеуде ІІ Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Шара ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар