Серік Жұманғарин битум нарығын делдалдардан қалай тазартатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин заңнамаға «битум қоймасы» терминін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол құрылысына қажет битумды алғашқы сату нарығында «Қаражанбасмұнай», «Petrosun» және «Газпромнефть-Битум Қазақстан» сияқты 3 ойыншы үстемдікке ие. Мұнда қызық жағдай қалыптасқан. Ақтау битум зауыты жыл сайын битумның бүкіл көлемін сатып алады. Содан кейін битум қатаң схемалар бойынша делдалдар арқылы сатылады. Бастапқы баға 65-70 мың теңгеден басталғанына қарамастан, жыл соңына қарай, бюджет қаражаты бөлінетін маусымға қарай битумның құны 200 мың теңгеге жетеді», - деп түсіндірді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы.

Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, бұл процесті реттеу оңай шаруа емес.

«Биыл бұл нарықтан делдалдарды ығыстырамыз. Сол үшін заңнамаға «битум қоймасы» терминін енгізуді ұсынамыз. Зауыт битумды тікелей инфрақұрылым иелеріне ғана сата алады. Тиісінше, осы талаптарды нығайту үшін Индустрия министрлігімен келісіп жатырмыз. Жол салушы компаниялар битум сақтайтын қоймасы жоқ делдалдардан сатып алуға құқылы емес. Бұл битум сату тізбегін тұйықтандырады. Қағаз жүзінде алып-сатқыш делдалдар нарықтан кетеді», - деді агенттік төрағасы.


Соңғы жаңалықтар