Серік Сыдықов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Серік Сыдықов бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметіне Серік Сыдықовтың кандидатурасын ұсынамын. Серік Сламжанұлын жақсы білесіздер, ол білікті заңгер. Сенат аппаратында 25 жылдан астам уақыт жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Парламенттегі мол тәжірибесі Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінде пайдалы болады деп сенемін», - деді Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.

Серік Сламжанұлы Сыдықов 1962 жылы туған, жоғары заң білімі бар.

Өзінің еңбек жолын 1 985 жылы Алматы қаласында «Казгидрорыбпроект» институты кадр бөлімінің аға инспекторы ретінде бастаған.

1986 жылдан бастап Қазақ КСР Мемлекеттік еңбек комитеті Іс басқармасының аға экономисі, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс жөніндегі инспекторы, кадр секторының бірінші санаттағы маманы, бірінші санаттағы экономисі (заңгер).

1991 жылдан бастап ҚР Еңбек министрлігі Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заңгер-консультанты, Мемлекеттік жұмыспен қамту инспекциясының бастығы – Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары, Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас маманы.

1994 жылдан бастап «Тұран-Агро» фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі өкілдігінің аға сарапшысы.

1996 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты аппараты Сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы.

2020 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі.


Соңғы жаңалықтар