USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

2021 жылғы 24 қыркүйек 18:50
Бөлісіңіз:
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Серік Болатұлы Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО сотына жаңа төраға тағайындалды СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді

Қанат Қалиұлы Алпысбаев берген өтінішіне сәйкес «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Серік Саудабаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы аға заң кеңесшісі қызметінен бастаған.

2002-2003 жылдары — «Астанателеком» кеңейтілген сервис орталығының инженері.

2003-2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

2010-2014 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры.

2014-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ көлік-коммуникация активтерін басқару жөніндегі бас директордың орынбасары.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ «Коммуникациялар» дирекциясының директоры.

2010 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы ақпанға дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010 жылғы шілдеден 2014 жылғы наурызға дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2021 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Kcell» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «QazCloud» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT