Серік Сәпиев жүлдесіне арналған бокс жарысында ақмолалықтар 5 медаль иеленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының былғары қолғап шеберлері бокстан аймақтық чемпионатта бір алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды қаласында 2004-2005 жылғы жасөсіпірімдер арасында бокстан аймақтық (Солтүстік-Шығыс) ҚР Чемпионаты өтіп, ХХХ Олимпиада ойындарының чемпионы, «Вэла Баркер» кубогінің иегері, ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Серік Сәпиевтің жүлдесі сарапқа салынды.

Жарысқа Ақмола облысының Жақсы, Зеренді, Атбасар аудандары мен Көкшетау, Степногор, Щучье қалаларынан былғары қолғап шеберлері қатысты.

«Жарыс қорытындысы бойынша Әли Рахымжанов (52 кг) чемпион атанса, Бақыткелді Аманжолов (+80 кг) екінші, Рашид Ескендіров (48 кг), Мағжан Әлімов (50 кг) және Ринат Оспанов (54 кг) үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, Виктор Литвинов, Батырхан Сейтенов, Щыңғыс Мусинов, Егор Егоров және Сұлтан Хамитов еліміздің басты жарысына қатысуға берілетін лицензияны ұтып алды», дейді ведомстводан.

Жалпы, ақмолалық 10 боксшы келер жылдың қаңтар айында Талдықорған қаласында өтетін бокстан ҚР Чемпионатында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар