Серік Сәпиев турникке қанша рет тартыла алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Tartyl Fest турнирінің гранд-финалына қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнда демалып алып, қайта тартылуға мүмкіндік берілмейді. Мен кейбір жігіттердің кеудеге дейін көтеріліп жатқанын байқадым, яғни олар көп күш жұмсайды. Бұл жерде техника маңызды», - деді Серік Сәпиев жарыс жүргізушісінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол өзі турникке қанша рет тартылатынан да айтып өтті.

«Бала кезімізде анамның туған жері – Орал тауларына барғанымда 15 рет тартылдым. Бірақ, маған ешкім сенбеді. Ол кезде бұл мен үшін оңай болатын. Ол уақытта жасым 12-де еді. Ересек кезіме тоқталатын болсақ, біз әрқашан спорттық жаттығулар бойынша нормативтерді орындайтынбыз. Алыс және қысқа қашықтыққа жүгіру, турникке тартылу сияқты жаттығуларды жасап жүрдік. Бүгінгі күні дайындықсыз мүмкін 15 рет тартыла алатын шығармын. Мұндағы спортшылар шынымен де мықты. Бұл – менің спортым емес. Сондықтан да, олар өз бағытында үздік», - деп пікір білдірді Серік Сәпиев.

Еске сала кетейік, қазір елордадағы Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтіп жатыр. Тартысты бәсекені «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирі мен youtube арнасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар