USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Серік Сәпиев туралы «Боксер» фильмі көрерменге жол тартады

2021 жылғы 30 қараша 10:01
Бөлісіңіз:
Серік Сәпиев туралы «Боксер» фильмі көрерменге жол тартады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында боксшы Серік Сәпиевтің шынайы оқиғасына негізделген фильмі прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайлық келіншек «кунг-фу» туралы видео түсіріп интернет жұлдызына айналды Ертең Қазақстан құрамасы Ақ Олимпиадаға аттанады Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында жолдастық кездесу өткізеді

Режиссер Ақан Сатаевтың жаңа фильмі Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны желісінде түсірілді. Туындыда Серіктің бокстағы алғашқы қадамдарынан бастап, мансабындағы басты мақсаты – Олимпиада алтынына қол жеткізу жолы баяндалады.

Оқиға сұхбат форматында берілген, онда Серік өмірінің ерекше кезеңдерін еске алып, спорттағы жолы қалай басталғаны, жеңілістері, жеңістері және арманының орындалғаны туралы әңгімелейді. Сондай-ақ фильмде махаббат пен достық көріністері де бар.

Фильмнің сценариін жазуға Ақан Сатаевтың өзінен бөлек екі адам қатысты. Әдеби сценариді жазуға Тимур Жақсылықов пен Альмира Тұрсын атсалысты. Серік Сәпиев кеңесші болды.

Басты рөлді жас актер-дебютант Смадияр Сабыров сомдады.

«Біз фильмді ұзақ уақыт түсірдік - екі жылдан астам уақыт жұмыс істедік. Дайындық кезеңі мен кастингке үлкен жауапкершілікпен қарадық. Біз басты кейіпкерімізді ұзақ уақыт іздедік. Құдайға шүкір, оны таптық. Бұл спорттық драма, Олимпиада чемпионы туралы оқиға, сондықтан кейіпкер экранда сенімді көрінуі үшін тек актер ғана емес, боксшы да болуы керек еді. Смадиярмен, жаттықтырушылармен, кеңесшілермен дайындық жұмыстары жүргізілді. Естеріңізде болса, Серік Сәпиев солақай, ал Смадияр оңақай. Ол қайта жаттығуға мәжбүр болды. Менің ойымша, бұл актер үшін қызықты әрі үлкен тәжірбие. Мен бүгінгі нәтижеге өте қуаныштымын. Смадиярға осы еңбегі үшін, атқарған еңбегі үшін тағы да алғыс айтқым келеді», – дейді Ақан Сатаев.

Сонымен қатар, ол Серік Сәпиевке фильм ұнағанын тілге тиек етті.

«Бастапқыда біз Серіктің өзін түсірейік дегенбіз, бірақ кейін мұның бәрін актер ойнауы керек деген қорытындыға келдік. Оның үстіне, оның жұмыс кестесі тығыз болды», - деп түсіндірді режиссер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT