+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында кімнен медаль күтетінін айтты

2019 жылғы 14 қараша 17:24
Бөлісіңіз:
Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында кімнен медаль күтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында медаль күтетін спортшыларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық садақ атушылар Олимпиада лицензиясына таласады Олимпиадаға лицензия алған қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды Қазақстан Олимпиада ойындарына тағы екі жолдама алды

«Әлбетте, өткен жазғы Олимпиада ойындарында (Рио) медаль алған спортшылардан үміт күтеміз. Мәселен, қазірдің өзінде Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландинде лицензия бар. Олардың көрсеткіштері жақсы екенін қазір түсініп отырмыз. Жекпе-жек түрлерінен, бокстан медальді көптеп алармыз деген үміт бар. Күрестен Әлем чемпионатының қорытындысын жасадық. ӘЧ-дан күрес бойынша медаль алғандардан да жүлде күтеміз. Бокстан лицензиялық Әлем чемпионаты келесі жылы ақпанда өтеді. Нақты есімін ата десеңіздер, күрес түрлерінен Нұрислам Санаев пен Мейрамбек Айнағұловтың бабы жақсы. Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин де жақсы нәтиже көрсетті. Одан өсім күтеміз», - деді Серік Сәпиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы боксшылардан Абылайхан Жүсіповтен, Василий Левиттен, Қамшыбек Қоңқабаевтан, Бекзат Нұрдәулетовтен, Қайрат Ералиевтен медаль күтетінін жеткізді.

«Осы боксшылар лицензиялық турнирлерге барады», - деді ол.

Айта кетсек, 2020 жылы Жапония астанасында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Ұлттық құрама еншісінде әзірге спорттың 14 түрінен 25 лицензия бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT