Серік Сәпиев: Теннистен Федерация кубогы Нұр-Сұлтанда өтпейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Дунгуан қалалық округінде 4-8 ақпан аралығында теннистен өтуі тиіс болған Федерация кубогы коронавирустың тарауына байланысты Нұр-Сұлтанға ауыстырылғаны туралы хабар тараған еді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев аталмыш турнирдің елордада өтпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«БАҚ құралдарында теннистен лицензиялық турнир Қытайдан Қазақстанға ауыстырылғаны туралы ақпарат тараған еді. Мен «Нью-Йорк Таймс» сайтын оқығанымда, ол жерде теннистен турнирді Қазақстанға ауыстыру жоспарланып отырғанын оқыған едім. Біздің БАҚ құралдары ол турнирдің бекітілгенін жазып таратқан. ҚР Үкіметінің қаулысымен Қытай азаматтарына 72 сағаттық виза тоқтатылған еді. Қазір барлық халықаралық турнирлер тоқтатылып жатыр. Теннистен аталмыш лицензиялық турнир Нұр-Сұлтанда өтпейді деп сеніммен айтуға болады», - деді ол тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетсек, Қытайдың Дунгуан қалалық округінде теннис турнирінің Нұр-Сұлтанға ауыстырылуы – қоғамда біршама дау тудырған болатын. Бұған - Қытайда тараған коронавирус себеп болып отыр.- Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды
- Коронавирус өңірлерде өршіп тұр: Әкімдер ахуалды қалай тұрақтандырмақ
- Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы 16% төмендеді
- Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысындағы эпидахуалға қатысты есеп берді
-
Ерлан Тұрғымбаев мобильді топтары әлсіз жұмыс жүргізіп жатқан өңірлерді атады
-
Қостанай облысында діни нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам