Серік Сәпиев шеберлік сабағын қайырымдылық бәссаудасына шығарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Chocolife.me» электронды коммерция желісіндегі онлайн бәссаудасы жұмысын бастайды.

Аукционнан түскен қаржы Қызылорда қаласында сал ауруымен ауыратын балаларға арналған арнайы ойын алаңының құрылысына жұмсалады. Ұйымдастырушылар 1,5 млн теңге жинауды жоспарлап отыр. Айта кету керек, қордың көмегімен Алматыда ашылған мұндай 2 алаң қазір жұмыс істеп тұр. Қордың баспасөз хатшысы Айнұр Сәлімнің айтуынша, онда 9 лот қойылады. Оның ішінде Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қолтаңбасымен футболка, «Милан» футбол клубының легионерлерінің қолтаңбасымен футбол доптары, «Қазақстан-2015» аруы Регина Вандышевамен, бизнесмен Айдын Рахымбаевпен түскі ас, Tele2 және Beeline «алтын нөмірлері» бәссаудаға қойылады. Сондай-ақ былғары қолғап шебері Серік Сәпиев шеберлік сабағын өткізеді. Келесі лоттың жеңімпазы Баян Есентаеваның бейнебаянында түсуге мүмкіндік алады. Қатысушылар тек Вконтакте және Facebook парақшаларындағы лоттарға лайк және репост жариялау арқылы лоттың құнын түсіре алады. «Әлемде қайырымдылық аукциондары жиі өткізіліп тұрады. Онда белгілі жұлдыздар, спортшылар өзіне қымбат заттарын саудаға шығарып, шамасы келгенше қайырымдылыққа үн қосып жатады. Біздің бастамамызды Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Регина Вандышева қолдады. Арнайы балалар алаңын салуға біраз қаржы қажет. Ол жүрегі қайырымдылыққа жақын қазақстандықтарсыз жүзеге асуы мүмкін емес», - деді қордың президенті Жұлдыз Омарбекова.

Соңғы жаңалықтар