+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Серік Сәпиев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне өз бағасын берді

2021 жылғы 5 тамыз 21:08
Бөлісіңіз:
Серік Сәпиев Олимпиададағы боксшылардың өнеріне өз бағасын берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшылардың өнеріне бағасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» латвиялық «Динамодан» жеңіліп қалды

«Бокс бойынша алтын медаль болмағандықтан жағдайды нашар дер едім. Бұған дейін Олимпиада ойындарында алтын жүлде болатын. Жалпы төрелік барынша объективті түрде болды деп айта аламын.

Дегенмен бүгінгі жартылай финалда мен Бибосынов жеңді деп білемін. Бірінші раундта соққыны жіберіп алғандықтан, төрешілердің бәрі бірдей ұпайды Сәкеннің қарсыласы болған ағылшын боксшысына берді. Ал екінші раундта 2:3 есебімен біздің спортшы басым түсті. Үшінші раундта төреші 3:2 ұпаймен жеңісті Бибосыновқа берді.

Төрешілер әділ баға берді ме, жауапты солардың ар-ұятына қалдырдық, жеке менің ойым – Сәкен жеңді. Оның «алтын» алу мүмкіндігі бар еді», - деді Серік Сәпиев Орталық коммуникалар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Токио Олимпиада ойындарында боксшылар жоғары өнер көрсете алмады.

«Басқа боксшылардың да нәтижесі мәз емес, кейбір спортшылар тиісті деңгейдегі дайындықпен келмеді. Жалпы боксшылар Олимпиадада «алтын» алмағандықтан көрсеткіш нашар деп есептеймін», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT