Серік Сәпиев Олимпиада ойындары туралы: Біз әлі нәтиже көрсетеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасындағы төмен нәтиже үшін спорт түрлерінің бас бапкерлері жауапты болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әр жарыстан кейін бізде талқылау, кеңейтілген жиналыс өткізіледі. Әрине, осы Олимпиададан кейін де бұл нәтиженің себептері анықталады. Содан кейін ғана қандай шаралар қабылдау керектігін шешеміз. Егер қателіктер жіберілсе немесе нәтиже болмаса, шара қабылдаймыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, алдын ала қорытынды жасамай-ақ қояйық. Әлі басқа да спорт түрлері бар. Нашар нәтижелер үшін әр спорт бойынша бас жаттықтырушылар жауапты болады. Біз оларға дайындықты сеніп тапсырамыз. Сондықтан бас жаттықтырушылардан талап етіп, тиісті шешімдер қабылдаймыз», - деді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Олимпиада әлі өтіп жатыр. Спортшыларымызға қолдау көрсетейік. Біз әлі нәтиже көрсетеміз», - деп қорытындылады С. Сәпиев.

Айта кетейік, Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан қоржынында бұрынғыша үш «қола» ғана бар. Жүлдегерлер – дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло.




Соңғы жаңалықтар