Серік Сәпиев мемлекеттік қызметте қалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің сөзіне қарағанда, С.Сәпиев өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастыра береді.

«Құрметті Серік Жұманғалиұлы, осы біздің Парламентте бірлесіп атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық депутаттық корпустың атынан алдағы уақытта да жаңа қызметте - мемлекеттік жұмыста тек қана сәттілік және табыс тілейміз», - деді Н.Нығматулин.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі пленарлық отырысында депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдап, оның депутаттықтан кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар