Серік Сәпиев «Хрустальный колос» қысқы Спартакиадасының ашылуына қатысты - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Зеренді ауданында 34-ші «Хрустальный колос» қысқы Спартакиадасының ашылуы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, спартакиадаға облыстың 17 ауданынан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан келген спортшылар қатысты.

Шараға жиналғандарға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев құттықтау сөздерін жолдады.

Спартакиаданың алауын облыстық, республикалық жарыстарда Зеренді ауданының атын шығарын жүрген Эльмира Мұтағарова, Шәкерхан Диас және Жанжігіт Демеусін жақты.

Спартакиаданың ашылу салтанаты концерттік нөмірлер, фаер-шоу және мерекелік от-шашуға ұласты.

Жарыстың алғашқы күні ақмолалық спортшыларды қолдау мақсатында Серік Сәпиев 2020 метр қашықтықты шаңғымен жүріп өтті.


Соңғы жаңалықтар