Серік Сәпиев допинг үшін қылмыстық жауапқа тарту мәселесіне пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев допинг үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы ұсыныстарға асықпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Допинг үшін қылмыстық жауапкершілік  - ол ауыр мәселе. Жеңіс үшін 250 мың доллар көлемінде сыйақы аласың, сонымен қатар бапкердің де еңбегі ынталандырылады. Кейіннен екі жылдан соң сенен допинг анықталса, алтын медаліңді тартып алады. Өз кезегіңде бұл мерзім ішінде сен барлық ақшаны жұмсап қоятының анық. Шын мәнінде, бұл ретте мемлекеттік бюджеттің қаржысын жұмсағаныңды түсінесің. Яғни, екі жыл бұрын танымалдылыққа ие болып, батыр деңгейінде қабылданып жүрдің. Ал бұл жерде енді адамды қамауға отырғызу керектігі көтеріліп отыр. Бұл мәселені талқылау керек»,-деді Сәпиев Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг үшін жауапкершілікті спортшымен қатар, осы үдеріске қатысы бар барлық командаға қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар