Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Серік Сәпиев депутаттықтан кетті

2019 жылғы 30 қаңтар 09:17 1738
Бөлісіңіз:
Серік Сәпиев депутаттықтан кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісі депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, С.Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттелігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ, арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді.

Ал спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хатты табыс етті.

Өз кезегінде, Олимпиада чемпионы да ризашылығын жеткізді.

«Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Спорт алаңында да, қазір де Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Сондай-ақ, құрметті әріптестер, әрбіреуіңізге ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жерде мен біраз тәжірибе жинадым. Еліміздің өркендеуі жолында сіздермен тығыз жұмыс жасауды жалғастыра береміз деп сенемін», - деді С.Сәпиев.

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев 2017 жылдың ақпан айында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты қызметіне тағайындалған болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT