Серік Сапиев Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Серік Сапиев марқұм Денис Теннің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық спортшылар атынан қазаға қайғырып көңіл айтамыз. Денис біздің жүрегімізде мəңгі сақталады. Осыдан біраз жыл бұрын «Денис жəне оның достары» шоуын өткізгеніміз есімде. Осы шараны мен жүргізген болатынмын. Дениспен сол кезде жақын таныстым. Сонда оның шынайы, мейірімді, интеллегентті, рухы мықты адам екенін байқадым»,- деді Серік Сапиев бүгін Алматыда.

Қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рəсімі өтті.

Сағат 11.20-да оның денесін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан алып шықты. Спортшыны «Дружба» ауылында жерлейді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.
nullnull
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар