Серік Сәпиев боксшылардың кемшілігі туралы Бақыт Сәрсекбаевтың сынына жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев боксшылардың кемшілігі туралы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың сынына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан көбірек жұмыс істеу, қарсыласқа шабуылдауға байланысты нұсқамалар болды, әрине қарсыласқа шабуыл жасаған соң дұрыс қорғанып, өзі соққы жасау керек еді. Бақыт Сәрсекбаев осыны айтқысы келді, мен онымен толық келісемін, ал төмпештеп ұру бәрінің қолынан келеді. Ол дұрыс айтады, қорғана да білу керек, қарсы шабуылды жа жасау керек», - деп жауап берді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Серік Сәпиев бұл тұрғыда жаттықтырушылардың да жетіліп, өз шәкірттерімен жұмыс істеуі керегін айтты.

Бұған дейін Серік Сәпиев Қазақстан боксшылары қанша жүлде әкелуі мүмкін екенін айтқан еді.

«Бокстан жүлде алуға әлі де үмітіміз бар. Үш-төрт медаль алуға болады. Енді Сәкен Бибосыновтың қарсыласы – Франция боксшысы, ол өте мықты, одан өтсе келесі қарсыластарының деңгейі франциялықтай болмайды. Сосын Әбілхан Аманқұлдың, Қамшыбек Қоңқабаевтың және Зәкір Сафиуллиннің қасрыластары айтарлықтай көшбасшылар емес, оларды жеңуге болады. Сол үшін қалған төрт боксшымыз төрт медаль әкелуі де мүмкін», - деді боксшы.


Соңғы жаңалықтар