Серік Сәпиев: Бізде бапкерді Құдайдай көру қалыптасқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спортшы да, бапкер де қателеседі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шындығында ғылым алға жылжып барады. Спортшыларды жарысқа дайындаудың түрлі әдістері бар. Бапкер жарыс процесіне спорттық психологияның қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бізбен де психологтар жұмыс істеді, жеке әдістер болды. Меніңше, тіпті командалық ойын болса да әрбір спортшыға жеке әдіс қажет», - деді ол.

Оның пайымынша, бапкерлердің де психологиялық дайындығы барынша маңызды.

«Алдағы уақытта біздің бапкерлерді де спорттық психологияға оқыту қажет деп есептеймін. Өйткені, көпшілігі спортшылармен қалай қарым-қатынаста болу қажеттігін, олардың қандай көңіл-күйде екендігін білмей жатады», - деді Серік Саиев.

Комитет басшысы спортшылардың да, бапкерлердің де қателікке бойалдыруы мүмкін екендігін атап өтті.

«Бізде бапкерді Құдайдай көру қалыптасып қалған. Ол не айтса да тыңда, істе. Алайда кей кезде бапкер де, спортшы да қателікке ұрынады», - деді комитет басшысы.


Соңғы жаңалықтар