Серік Сәпиев бір кездері әлем чемпионы атануына кедергі болған боксшымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Голливудта украиндық боксшы, әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы Тарас Шелестюкпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап. 

С. Сәпиев өзінің Инстаграмдағы парақшасында АҚШ-қа жасаған турнесінен Шелестюкпен бірге түскен суретін жариялады.

«Рингтегі қарсыласыммен, өмірдегі досыммен. With friend», - деп жазды Серік суреттің астына.

Тарас Шелестюк Серік Сәпиевті Бакудегі Әлем чемпионаты - 2011 финалында қазақстандықты жеңіп, оның үш дүркін әлем чемпионы болуына мүмкіндік бермеген еді. Қазір украиналық боксшы кәсіби бокста бағын сынап жүр. Ол WBO NABO титулын иеленді.

Соңғы жаңалықтар