Серік Сәпиев Астана әуежайындағы автотұрақ бағасын сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Астана әуежайы аумағындағы көлік тұрағы бағасының қымбаттығына наразылық білдірді. 

Бұл туралы Олимпиада чемпионы өзінің Инстаграмдағы парақшасына жазды.

"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақ бағасының қымбаттығына көңілім толмады. Егер көлікті жабық автотұраққа қалдырсақ, тәулігіне 2000 теңге төлейміз, бұл қалыпты баға. Ал әуежай аумағындағы сыртқы автотұрақ орны үшін алғашқы екі сағатқа 400 теңге және одан кейінгі сағаттарға 1500 теңге төлеу қажет. Сонда бір тәулікке 33400 теңге төлейді екенбіз», - деп жазды ол.

С.Сәпиевтің айтуынша, бағдарламаның өзі толық ойластырылмаған немесе бұл халық үшін жасалмаған. Себебі, екінші тәулікте әрбір сағатқа 1500 емес, 2500 теңгеден төлеу қажет болады.

"Бұл заңсыз жолаушы таситын таксистерге қарсы айла шығар деп ойладым. Бірақ, олар көлікті бірнеше күнге қалдырып кетпейді, қала мен әуежай арасында бірнеше рейс жасайды. Екіншіден, заңсыз таксистердің саны азайған жоқ, мұны кез келген адам растайды», - дейді Мәжіліс депутаты.

Олимпиада чемпионы әуежай автотұрағының бағасын реттеу жөнінде Астана әкіміне өтініш білдірді. «Әсет Өрентайұлы, бұл мәселеден хабарыңыз бар ма?», - деп сұрақ қойды боксшы қала басшысына.

Меня возмутили очень большие цены парковки нашего аэропорта Нурсултан Назарбаев. Если оставить машину в крытом паркинге, это обойдется в 2000 тенге в сутки, что вполне приемлемая цена. Но за сутки на уличной парковке аэропортовской площади стоит: 400 тенге первые два часа и 1500 тенге за каждый следующий час. Получается за сутки мы должны заплатить 33400 тенге. То ли сама программа не до конца продумана, то ли создана она явно не для народа. Потому что последующие сутки рассчитываются не по цене предыдущих, а по тарифу 2 500 тенге за каждый последующий час. Предполагаю, что эта мера направлена против таксистов, занимающихся незаконным извозом. Но, во-первых, они не оставляют машины безвыездно на несколько суток, они многократно курсируют между аэропортом и городом. Во-вторых, любой подтвердит, что меньше их не стало. Прошу акимат и руководство аэропорта отрегулировать цены @astana_akimat Асет Орентаевич, Вы в курсе этой проблемы?

Публикация от Serik Sapiyev (@serik_sapiyev) Авг 12 2017 в 1:52 PDT

Соңғы жаңалықтар