Серік Сәпиев АҚШ кітапханасына «Көшпенділерді» сыйға тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев АҚШ Конгресінің кітапханасында болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«АҚШ Конгресінің кітапханасында болып, ағылшын тіліне аударылған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын сыйға тарттық. Бұл 100 млн кітап қоры бар әлемдегі ең ірі кітапхана», -деп жазады ол өзінің Инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев қазір топ құрамында Вашингтон қаласында жүр.

Соңғы жаңалықтар