Серік Мұсәділов кәсіпқой бокста 12-інші рет жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Панда» лақап аты бар Қазақстан боксшысы Серік Мұсаділов (11-0, 9КО) кәсіпқой рингте 12-інші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы парақшасына сілтеме жасап.


Ол АҚШ-тың Миннесота штаты Дулута қаласында өткен бокс кешінде Доминикан өкілі Хосе Антонио Абремен (14-11, 8КО) кездесті.

Бірінші ауыр салмақтағы айқас 8 раундқа есептелген болатын. Бірақ соңына дейін жетпеді: Мұсаділов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, 27 жастағы Қазақстан боксшысы профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді, оның онын – нокаутпен аяқтады.


Соңғы жаңалықтар