Серік Мұсаділов АҚШ-та рингке шығады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (13-0, 11КО) 21 қазанда Орландода (АҚШ, Флорида штаты) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

BoxRec.com хабарлауынша, «Панда» лақап атымен белгілі қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-17, 15КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.

С.Мұсаділов мұның алдындағы жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізді. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Руэдаға келетін болсақ, ол 23 шілдеде Орландода рингке шығып, америкалық Адриан Пинейродан (9-0, 9КО) техникалық нокаутпен жеңілген еді. Айта кетейік, 2018 жылы Хавьер рингте тағы бір қазақстандық Әли Ахмедовпен кездескен болатын. Олардың жекпе-жегі Коста-Месада (Калифорния) өтіп, бірінші раундта нокаутпен алматылық боксшының жеңісімен аяқталды.







Фото: vk.com/kazproboxing

Соңғы жаңалықтар