Серік Күдебаевтың соты төртінші рет кейінге шегерілді

None
Фото: gov.kz
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін 10 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді. Дәл осы себеппен 16 наурыз күні де сот отырысы өткен жоқ еді.

Осыдан кейін үкім тағы 2 рет, яғни, 20 және 27 наурызға ауыстырылған болатын. Бүгін сот отырысы қайтадан өтпейтіні белгілі болды.

Еске салсақ, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен кеткен болатын


Соңғы жаңалықтар