Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізеді

None
Фото: gov.kz
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 30-наурызда сағат 11:00 де Серік Күдебаевқа қатысты сот процессі өтуі тиіс болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

«ҚР ҚПК 157 және 335 тармақтарына сәйкес Серік Күдебаевты процеске мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы қабылданды. Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді»,- делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот 2023 жылдың 5-қаңтарда басталды.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені туралы жазған едік.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған.

Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.


Соңғы жаңалықтар