Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын өзі туған елді мекен маңынан кескен болуы мүмкін - ҰҚК

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткені туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат кулуарында БАҚ өкіледір ҰҚК өкілінен Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткені туралы сұрады.

«Болжамдар бар. Таумен кеткен деген тұспалымыз бар. Өзі туған жердегі елді мекеннен алыс емес маңда, тау ішінде оның шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін жақсы серіктері болған да шығар. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз», - деді Шекара қызметінің директоры.

Еске салсақ, Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.


Соңғы жаңалықтар