Серік Қонақбаев Моңғолия президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) президенті Серік Қонақбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде тараптар Азия аймағында боксты дамыту перспективаларын және моңғол боксшыларының әлем біріншіліктеріндегі жетістіктерін талқылады.

«Моңғолия Азиядағы бокс дамыған жетекші елдердің бірі әрі осы мәртебесін лайықты қорғап келеді. Елде мемлекет тарапынан спортты дамытуға баса назар аударылуда. Қазіргі кезде моңғолиялық боксшылардың алдында Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алу міндеті тұр», - деді Серік Қонақбаев.

Моңғолия президенті Азия боксын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін Серік Қонақбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады.

Серік Қонақбаев Моңғолия Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Демчиджав Загдсүрэнмен кездесіп, әлемдік олимпиадалардағы моңғол боксының болашағы талқыланды. Моңғолияның Ұлттық олимпиадалық комитеті Серік Қонақбаевты «Олимпиада даңқы» құрметті медалімен марапаттады.
null

20 маусым күні Моңғолияның астанасында бокстан дәстүрлі халықаралық Ulaanbaatar Box Cup турнирі басталды. Оған 12 мемлекеттен келген 120-дан астам боксшы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар