Серік Қонақбаев 25 жылда қазақстандық спорт қалай өзгергенін айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты кеште Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, даңқты боксшы Серік Қонақбаев 25 жылда қазақстандық спорт қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
«Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақ спорты керемет жетістіктерге жетті. Ол кезде біз егемендік жылдары үлкен жеңістерге қол жеткізе алатындығымызды елестете де алмайтынбыз. Бүгінде біздің Ұлттық Олимпиада комитеті көптеген халықаралық жарыстарды өткізіп келеді. Біздің спортшыларымыз Олимпиададан, Азия ойындарынан жылдан жылға көбірек жүлделер алуда. Бұл біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен үлесі деп санаймын», - деді ол салтанатты кеште.
null  

«Президент атап өткеніндей, тек дені сау әрі мықты ұлт қана, қазіргі заманғы және озық мемлекетті құрады. Спорт пен денешынықтыру біздің халқымыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Сондықтан қазір жастар және балалар спортын дамытуға үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Спорт алаңдары, спорт клубтары салынуда. Сондықтан біз қазір осынау үлкен нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», - деп түйді ойын С. Қонақбаев.  
null  

Еске салсақ, бүгін, 17 наурызда Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, депутаттар, шетелдік дипломаттар, сонымен қатар Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері - Серік Сәпиев, Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гүзел Манюрова, Әділбек Ниязымбетов, Дариға Шәкімова, Жансел Дениз қатысты . 
null  

Кеш барысында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, боксшы Дариға Шәкімова мен таэквандошы Жансел Дениз қазақтың «Дедімай-ау» әнін орындады.

Сонымен қатар, мерейтойлық шара барысында Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «А-Студио» тобымен бірге ән салды . 
null 
null  

Айта кетейік, Қазақстан Олимпизм қозғалысына ресми түрде енгелі бері еліміздің спортшылары 13 Олимпиадаға қатысып, жалпы саны 67 медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар