+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Серік Қирабаев: Ел газетін аударма-газет жасамай алып қалған Жұмабек Тәшенов еді

2019 жылғы 15 қараша 12:21
Бөлісіңіз:
Серік Қирабаев: Ел газетін аударма-газет жасамай алып қалған Жұмабек Тәшенов еді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы «Социалистік Қазақстан» — бүгінгі «Egemen Qazaqstan» газетін өткен ғасырда аударма-газет жасамай алып қалған Жұмабек Тәшенов еді. «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ғалым, профессор, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Қирабаев осындай естелігімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Egemen Qazaqstan» газетін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады Қойшығара Салғараұлы: «Egemen Qazaqstan» – қазақтың 100 жылдық шежіресі Дархан Қыдырәлі: Egemen-нің 100 жылдығын Алаш қайраткерлерінің мерейтойларымен ұштастырып отырмыз

«Біз газеттің ең бір қиын кезеңдерінде – айтыс пен тартыстың, ұрыс пен диктатураның күшті кезінде қызметке бардық. Мен комсомолдың бір журналының редакторы едім. Қарақұлов деген Орталық партия комитетінің бөлім басшысы шақырып алды да, «Сіз «Социалистік Қазақстанға» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») қызметке барасыз. Редколлегияның мүшесі болып, әдебиет және өнер бөлімінің бастығы боласыз» деді. Сол барған жерде біршама айтыс-тартыс болып кетті. Диктатураның мықты кезі. Ол кезде Орталық партия комитеті кішкене асығыстау жасады – газетті аударма жасау керек деген әңгіме шықты. Сол бастаманы «газет елдікі» деп бөгеп тастаған Жұмабек Тәшенов еді. Сол Тәшеновтердің арқасында газетті аударма жасамай, алып қалдық. Сондай бір қиын кезеңді басымыздан өткердік», - деді Серік Қирабаев.

Профессор өз сөзінде ел газетінен көп жақсылық көргенін есіне алды.

««Egemen Qazaqstan» — қазір таза ұлттық газет! Газеттің үлкен тойымен барлықтарыңызды құттықтаймын», - деді Серік Қирабаев.

«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаһандық медиасаладағы басылымның рөлі мен даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Айта кетсек, елордада көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнатылатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT