Серік Бақытханов жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатынан қола жүлде алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық еркін күрес шебері Серік Бақытханов (97 келі) Словакияда жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грек -рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.  

Жартылай финалда америкалық палуанға есе жіберген Серік қола үшін болған күресте бар шеберлігін паш етті. Ол Оңтүстік Корея палуынан 12:8 есебімен жеңді.

Алдын ала белдесулер кезінде Серік Бақытханов әзербайжандық Орхон Хасанов пен украиналық Данил Стасюкті жеңді.

Соңғы жаңалықтар