+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 27 қазан 15:02
Бөлісіңіз:
Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Айдарбеков Серік Кенғанұлы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасарын бүгін жергілікті активке таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Жамбакин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

«Сіздің еңбек жолында жинақтаған мол тәжірибеңіз бен біліміңіз жүктелген міндеттеріңізді нәтижелі атқаруға ықпал етеріне сенемін»,- деген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Серік Айдарбековке табыс тіледі.

Серік Айдарбеков 1975 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1999 жылы Э.Маттей атындағы жоғары мектепті (Милан қаласы, Италия), 2004 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетін аяқтаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Экономист, тау кен инженері-мұнайшы мамандықтарын меңгерген Серік Айдарбеков еңбек жолын Алматы қаласында инвестициялық саясат департаментінің жетекші мамандығынан бастады.


Әр жылдары «Қазақойл» ЖАҚ Ұлттық мұнай компаниясына жобаларды басқару департаметінің бірлескен басқару секторының аға талдаушысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өнеркәсіп және инфрақұрылым өндірістік бөлімінің кеңесшісі, «Agip KCO» компаниясы, Гаага қаласы (Нидерланды) қазақстандық үлесін дамыту жөніндегі департаментінің эксперименталдық бағдарлама жобасында қазақстандық үлесін дамыту жөніндегі кеңесшісі, менеджері (бөлім бастығы), «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры, «ПауэрКомм» ЖШС бас директоры, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингтің мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі топтың бас сарапшысы,


Премьер-Министр кеңесшісі, Премьер-Министр кеңсесі индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау қаласының әкімі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында болды.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарлығына тағайындалғанға дейін Серік Айдарбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Еңбек жолындағы табыстары үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Ол ағылшын, итальян тілдерін жетік меңгерген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT