Серік Ақшолақов Семейде бірнеше науқасқа ашық ми отасын жасады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас нейрохирургы бірнеше семейлік тұрғынның миына күрделі ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР бас нейрохирургы, академик Серік Ақшолақов және Семей қаласының Медицина университетінің нейрохирургия бөлімінің мамандары бірлесіп 4 қала тұрғынына күрделі ота жасады. Семейге арнайы келген профессор «Бастың тамыр патологиясын эндоваскулярлы емдеу» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, миға ашық операциялар жасады. Яғни, науқастардың миындағы қан тамырының іскен бөлігін алып тастады. Бірнеше сантиметрге өскен ісік науқастың өміріне қауіпті. Өйткені жарылып, миға қан құйылуы мүмкін.
«Барлық ота сәтті аяқталды. Ота өте күрделі. Себебі, ми тамырына жасалады. Сондықтан қателік жібермеу керек, әйтпесе ми қызметіне кері әсер етеді.
Бүгінгі күні бастың тамыр патологиясының эндоваскулярлы эмболизациялануы өте ауыр санаттағы ауруға жатқызуға болады. Бұл мидың түрлі функцияларының бұзылуына, нәтижесінде, науқастың өлуіне әкелуі мүмкін. Мидың ең ұсақ тамырларына жасалатын мұндай операциялар, жоғары технологиялық медициналық көмек қатарына жатады», - дейді Серік Ақшолақов.
Мұндай күрделі оталар қазірде Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің университеттік госпиталінен басқа тек Астана және Алматы қалаларында ғана жасалады.
- Қазақстанда осы уақытта 26 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 1050 адам жазылды
-
Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды
-
Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам