+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Серік Ахметов пен басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды

2015 жылғы 12 желтоқсан 09:36
Бөлісіңіз:
Серік Ахметов пен басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкімге сәйкес, бұрынғы премьер-министр С. Ахметов ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), ҚР ҚК-нің 310-бабының 3-бөлігі (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігі (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) бойынша кінәлі деп танылды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

С.Ахметов сот отырысы залында қамауға алынды.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Б. Әбдішев ҚР ҚК-нің 310-бабының 3-бөлігі (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігі (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) бойынша кінәлі деп танылды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше бұрынғысынша қалдырылды.

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ғ.Мұхамбетов 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Ғ.Мұхамбетов сот отырысы залында қамауға алынды.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі М.Смағұлов ҚР ҚК-нің 310-1-бабының 3-бөлігі (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру) және ҚР ҚК-нің 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше бұрынғысынша қалдырылды.

Соттың үкімімен қылмыстық істің 7 фигуранты тағылған айыптауларға сәйкес кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың әр түрлі мерзімдеріне сотталды (сот санкциясына сәйкес сотталған адамдардың тізімі қоса беріліп отыр).

Барлық қылмыстардың 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалғандығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 1997 жылғы 16 шілдесіндегі редакциясына сәйкес санкциялар қолданылды.

Сотталушылар Ғ.Матаевқа, М.Адамбековке, А.Жакеновке, М.Шалтақовқа, Қ.Мұсаевқа, Б.Асқароваға ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде 3 жыл сынақ мерзімге шартты жаза тағайындалды.

К.Піралиева ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 307-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4600000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қылмыстық істің үш фигуранты - А.Т.Ақмолдаев, Ғ.Т.Рахымжанов, Д.Қ.Нұрбаев ҚР ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігі негізінде шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, сот залынан жіберілді.

Еске сала кетейік, бұл іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған болатын. Іс бойынша сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT