Серік Әбдуәлиев «Екібастұз» футбол командасының бас бапкері болып келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 53 жастағы қазақстандық бапкер Серік Әбдуәлиев «Екібастұз» футбол командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда ол «Алтай» командасындағы Сергей Тимофеевтің көмекшісі болған еді.

Бұрын танымал футбол майталманы болған маман «Ертіс», «Қайрат», «Жетісу», «Қайсар-Харрикейн», «Шахтёр-Испат-Кармет» және «Көкше» командаларының сапында доп тепкен. Бапкер ретінде «Қайратта», «Локомотив», «Ертіс», «Жетісу», «Достық» (Алматы), «Оқжетпес», «Рузаевка» командалары мен Қазақстанның жастар құрамасында жұмыс істеген.

Өткен маусымда «Екібастұзды» үш маман жаттықтырған еді. Маусымда Асқар Қожабергенов бастаса, ортасында бас бапкер міндетін атқарушы болып Данияр Өтеулов келді. Ал жылды «Екібастұз» Николай Курганскиймен аяқтады.



Соңғы жаңалықтар