Сергей Зверев қазақ тілінде ән шырқады (ВИДЕО, ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Диана Шарапова ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Сергей Зверевті қазақ тілінде ән айтуға үйретті. 1 желтоқсан күні «Новогодний бал» әнінің орыс тіліндегі нұсқасының клипі таныстырылды, ал бір аптадан соң әншілер аталмыш әннің қостанайлық ақын Еркін Сүйінбай сөзін жазған қазақ тіліндегі төл нұсқасын жарыққа шығаруды қолға алды, деп хабарлайды Mironov Entertainment агенттігінде.
«Бұл оңай болмады, әннің қазақ тіліндегі нұсқасын мен бір апта бойы үйде тыңдадым. Мен қазақ әліпбиінде орыс тіліндегіден гөрі әріптер көп екенін, олардың дыбысталу ерекшеліктері туралы білдім. Енді Н мен Ң-ды, О мен Ө-ні оңай айыра аламын», - дейді С.Зверев.
Диана Шарапованың продюсері Роман Мироновтың айтуынша, аталмыш клипті түсіруді Сергейдің өзі ұсынған.
Айта кетейік, Сергей Зверев жасөспірім шағында Өскемен қаласында тұрған.
- Археологтар Ростов облысында Алтын орда кезеңіндегі монеталар көмбесін тапты
- 1 ақпаннан бастап Алматыда кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады
- Сенатта мәдениетаралық диалог жөніндегі зерттеулер жүргізуге жәрдемдесетін құжат қабылданды
- Димаш Құдайбергеннің фанаттары «Самалтау» әнін украин тілінде шырқады
-
Коронавирус пандемиясына байланысты Канн фестивалі жазға қалдырылды
-
«Қазақ радиосының» ғасырлық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам