Сергей Пономарев тректегі велоспорттан екі алтын жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Сергей Пономарев Испаниядағы тректегі велоспорт турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Сергей Пономарев Испаниядағы Trofeu Internacional de pista Cuitat de Barcelona турнирінде екі рет тұғырдың бірінші сатысына көтерілді», деп жазды Olympic.kz .

Айта кетейік, спортшы екі пән бойынша үздік атанды. Пономарев жеке спринтте және кейринде алтын жеңіп алды.






Фото: olympic.kz


Соңғы жаңалықтар