Сергей Маханько Қазақстанның армрестлинг бойынша үш дүркін чемпионы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанның армрестлинг бойынша чемпионатының алтын жүлдесін иеленген Сергей Маханько туған қаласы Ақсуға Қазақстанның үш дүркін чемпионы атағымен оралды.

Алматыда өткен елдің ең мықты қол күресі балуандарының біріншілігіне жасөспірімдер, жастар, ардагерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі атлеттерінің арасында көшбасшылыққа таласқан 400-ге жуық спортшы қатысты. Онда Ақсу қаласының атлеті, «Қазхром» ТҰК АҚ-ның Ақсу ферроқорытпалар зауытының энергиялық жөндеу цехының жұмысшысы Сергей Маханько да бағын сынады. Үзбей жаттығу, жеңіске деген ұмтылыс республикалық біріншіліктердің талай рет чемпионы мен жүлдегеріне ардагерлердің «60 жастағылар және одан жоғарыдағылардың» құрметті тобында ең үздік спортшы атағын әперді.

Сергей Петровичтің спорттың бұл түрімен айналысқанына көп жыл болды.

«Спорттың бұл түрі үшін үлкен алаңдар, қымбат құралдар қажет емес, оған қаражат та көп кетпейді, бұл ретте ол спорттың өте құмар, қызықты әрі әйгілі түрі болып табылады. Оған спортшылардың көптеп қатысатын жарыстар дәлел. Атлеттердің саны үнемі көбейіп тұрады, соңғы жылдары өңірлердің құрамалары айтарлықтай жаңара түсті. Жастар да армрестлингке қызығушылығын танытуда», - деп атап өтті спорт ардагері.

Егде жастағы спортшы биылғы жылдың күзінде өтетін әлем және Азия чемпионаттарында ұлттық құраманың атынан шығу құқығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар