Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Сергей Лавров Астана процесі туралы: Бұл жай әшейін қонақжайлылық емес

2018 жылғы 21 наурыз 18:47 933
Бөлісіңіз:
Сергей Лавров Астана процесі туралы: Бұл жай әшейін қонақжайлылық емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия мәселесін реттеуге арналған Астанадағы кездесулерге өз бағасын берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймыз. Оны мәлімдеме жасаған сайын айтып отырамыз. Енді, біреулер оны жай, әшейін қонақжайлылық деп бағалауы мүмкін. Жоқ, әсте олай емес. Қонақжайлылық - бұл ең алдымен жұмыс үшін ыңғайлы жағдай жасау. Соның өзі ұсақ-тиекке алаңдамай, нақты нәтижеге күш салуға сеп болады. Екіншіден, Қазақстан тұрмыстық жағдайды ғана емес, саяси атмосфераны да жасап беріп отыр», - деді С.Лавров ҚР Президенті телерадиокешеніне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, Қазақстан xалықаралық масштабта болсын, аймақтық дәрежеде болсын, үнемі компромисс іздеуге тырысады. Осы ұстаным БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде барынша байқалады.

«Сол себепті Қазақстанның саяси импульсі - бұл өте үлкен үлес. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана процесіне қатысушы мемлекеттерге бірнеше рет үндеу жасап, сол саяси серпінге өзі бастамашы болды. Менің әріптесім әрі досым - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов та осы процесті үнемі жүргізіп отырады. Үшінші бір маңызды мәселені атап өтейін, бұның барлығы дипломатиялық жағынан шебер атқарылады. Осы процестің қозғаушы күші - үш кепілгер мемлекет екенін бәрі жақсы түсінеді. Біздің үштігіміздің жұмысы үшін барлық жағдай жасалады. Сол үшін қазақстандық достарымызға өз ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап көрсетті С.Лавров.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана процесі, Ресей, Сирия,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT