Сергей Кулагин: Рождество мерекесі жаңа 2015 жылдағы жоспарымыз бен үміттеріміздің орындалуы үшін біздерге күш-қуат береді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жерлестерін келе жатқан Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құттықтау мәтінінде: "Сіздерді адамдардың жүрегіне ізгілік пен мейірімділіктің нұрын сеуіп, жарқын қуанышқа бөлейтін православие христиандарының айшықты мерекесі - Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің елімізде барлық дін өкілдерін ортақ мүддеге жұмылдырып, әртүрлі діни конфессиялардың қызметі үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалып отыр.

Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біздің мемлекетімізде этносаралық және конфессияаралық келісім нығая түсті.

Екі онжылдық ішінде Қазақстан әлем қауымдастығы мойындаған қуатты мемлекетке айналды. Біздің Ақмола облысы да еліміз сияқты экономика мен әлеуметтік сала бойынша табысты көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, жаңа еңбек жылына да қадам басып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмысшылар мен қызметшілер, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, басқа да салаларда еңбек ететіндер сүбелі үлес қоса алды. Біз мұндай жетістікке бірлік пен патриоттық сезімнің арқасында қол жеткіздік. Мемлекет басшысының саясатының арқасында Қазақстан әлем дін басшылары съезін өткізетін бұрынғысынша дәстүрлі орын ретінде танылып отыр.

Ақмола облысындағы діни ахуал барлық дін өкілдерін ортақ мүддеге жұмылдырған, тұрақтылық пен азаматтық ынтымақты жарастыруда. Рождество мерекесі жаңа 2015 жылдағы жоспарымыз бен үміттеріміздің орындалуы үшін біздерге күш-қуат берсін. Ақмолалықтар үшін экономикамызды одан сайын нығайтып, барлық өңір халқының тұрмыс жағдайының артатын уақыты болатынына сенімдімін.

Рождество мерекесімен құттықтай отырып, шын жүректен жаңа жылда әрбір ақмолалықтардың ойлаған армандары мен үміттері орындалуға жазсын. Әр отбасында молшылық, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрсын.

Сіздердің туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, ал, балаларыңыз бен немерелеріңізге мол қуаныш сыйласын", деп айтылған.

Соңғы жаңалықтар