Сергей Кулагин өзі оқыған мектепте болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Өңір басшысы алдымен «Камышенка» ЖШС атбасын тіреді. Кәсіпорын өткен жылы 84,2 тонна ет және 2597 тонна сүт өндірген. Қазіргі кезде серіктестікте 1 416 бас ірі қара бар болса, оның 607 сауын сиыры. Сондай-ақ, 13 бас жылқы да бар көрінеді. Серіктестік 2014 жылы селолық округтегі автожолдарды, әлеуметтік нысандарды және халықтың аз қамтылған топтарына демеушілік танытып, 3,5 миллион теңгенің көмегін жасаған.

Бұдан кейін облыс әкімі Первой орта мектебінде болды. Еске сала кетсек, 1966 жылы пайдалануға берілген білім ордасында кезінде облыс әкімі Сергей Кулагин 9-10 сыныптарда оқып, 1969 жылы түлеп ұшқан екен. Тарих қойнауына еніп кеткен сол жылдар өңір басшысының әлі есінде. Облыс басшысы мектеп қабырғасында жүрген сәттерін еске алып, 11-ші сынып оқушыларымен және ұжыммен кездесті. Бүгінгі күні аталған білім ордасы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен биылғы жылға 82,9 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.

Облыс әкімінің іс сапары осындағы балаларға арналған психоневрологиялық және тірек қимыл аппараты бұзылған медициналық-әлеуметтік мекемесі, Петровская орта мектебі, «Айгөлек» балабақшасы, «Фермер - 2002» ЖШС және аудан орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Комхоз»коммуналдық кәсіпорнында жалғасты.

Ал, аудан активінде сапарын қорытындылаған облыс Сергей Кулагин бірінші кезекте ауылдық жерлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 4 астрахандықты құрмет грамоталарымен және жергілікті жеке кәсіпкерді «Өндіріс саласындағы ең үздік кәсіпорын» дипломымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар