Сергей Громов Франция Ұлттық ассамблеясының делегациясымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз Республикасы Ұлттық ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т.Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

С.Громов сайлауды байқау барысында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі өте жоғары екенін атап өтті.null

«Бұл саяси оқиғаның барынша көп шетелдік байқаушылардың қатысуымен өткені біз үшін маңызды болды», - деді төраға орынбасары.

П.Кабаре тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, Қазақстан мен Франция арасындағы достық қатынастарды дамытуға Елбасы Н.Назарбаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады.null null

«Сайлау учаскелерінде болған кезде біз сайлау ашық әрі тыныш жағдайында өткеніне куә болдық», - деді халықаралық байқаушы.

Ол Қазақстанда сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы сақталып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастаған барлық реформалар жалғасатынына сенім білдірді.

Тараптар екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылады. П.Кабаре қазіргі кезде қазақстандық ұшқыштарды Тулузаның азаматтық авиация университетінде оқыту мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.

null

Соңғы жаңалықтар