+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сергей Черненок Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болды

2020 жылғы 15 шілде 11:57
Бөлісіңіз:
Сергей Черненок Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Сергей Иванович Черненок ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды Сәкен Сәрсенов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Сергей Иванович Черненок 1981 жылы 26 тамызда туған. 1999 жылы Т.Я. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебін бітірді. 2004 жылы Маршал Г.К.Жуков атындағы әскери университетін (Тверь қаласы, Ресей) бітірді.

2004 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде түрлі офицерлік лауазымдарда әскери қызмет атқарды.

2017 жылдан 2020 жылға дейін – Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі жүйесінде қызмет атқарды.

Атап айтқанда, ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінде, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің, сосын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінде басқарма басшысы және директордың орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT