«Сергектің» айыппұлын жойып беремін деп желіде жарнама берген адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлдарын жойып беремін деген жарнама пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде «Сергек» автоматтандырылған жүйесі тіркелген жол ережесін бұзу фактілері бойынша тағайындалған айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді.

«Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, тергеуге алынды, ол белгілі болғанындай, айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатын болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, мұндай «түсініксіз» жарнамаларды орналастыру арқылы клиенттерді қызықтырып, тартқысы келген», - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, автоматтандырылған жүйе жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.
Соңғы жаңалықтар