+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады

2019 жылғы 4 қараша 10:37
Бөлісіңіз:
«Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үшінші жолаққа шығып алатын жүк көліктерінің жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Сергек» камераларының саны артады Алматыда есірткі шеккен адам учаскелік полицияға оқ атты Алматыда топ болып футбол матчын тамашалағандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласы Жергілікті полициясының Әкімшілік полиция басқармасының ескертуінше, «Сергек» сертификатталған құралы көлік жүргізушілерінің жол белгілері елемей, ережені бұзғанын анықтайды.

«Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес артық жүк тиеуге байланысты жиі қауіп төндіретін көп жүк таситын көлік құралдары жүргізушілерінің екінші жолақтан (үш және одан да көп жолақты қозғалысты ескере отырып) одан әрі өтуге құқығы жоқ. Аталған тәртіпті бұзғаны үшін көп жүк таситын көлік жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл төлеу туралы нұсқамалар жолданатын болады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, үшінші жолаққа тек бұрылу немесе солға бұрылып, кері бағытқа қайту үшін шығатын жүк көліктеріне рұқсат етілген.

Осы талапты сақтамаған көлікті «Сергек» камералары автоматты түрде анықтайды, жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы, 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғаны жөнінде құжат жіберіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте «Сергек» жобасы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін толық көлемде пайдаланылмай отырғаны айтылған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT