Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 26 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

«Сергек» камерасы 13 күнде 3435 құқық бұзушылықты анықтады

2017 жылғы 13 қазан 17:28 1231
Бөлісіңіз:
«Сергек» камерасы 13 күнде 3435 құқық бұзушылықты анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сергек» камерасы 13 күнде 3435 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде мыңға жуығы жол қозғалысы ережелеріне қатысты бұзылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада қазан айынан бастап «Сергек» бейнебақылау жүйесі камерасының көмегімен 3435 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды медиа орталықтың тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Оның ішінде 1 мыңға жуығы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі, 345-і қоғамдық орындарда киілігіп тиісу, 299 қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкен, жүзге жуығы кішігірім бұзақылық, 1720 - басқа құқық бұзушылықтар.

«Айдың басында бейнебақылау камерасының көмегімен «Рамстор» супермаркетінің маңайындағы көпірдің аркасына үш жігіттің шықпақ болғанын байқадық. Полицейлер кәмелет жасына толмаған (13 жасар) үшеуді анықтап, жасөспірімдермен сөйлесу үшін оларды «Сарыарқа» аудандық ІІБ жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - дейді полициядағылар.

Бұдан басқа, ІІД басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау оқиғалары тіркелген.

 

 


Басты сөздер: ҚР ІІМ, Астана, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат