«Сергек» камералары көмегімен 14 млн теңге айыппұл салынған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сергек» камералары 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты ашуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Камералар көмегімен салынған айыппұлдың сомасы 14 млн теңгені құраған. «Бүгінде iKomek қалалық жедел мониторинг және ден қою орталығы, бас қаладағы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында, тек жүйелі мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін де қамтамасыз етуде. Мысалы, бірінші жарты жылдықта орталықтың операторлары бейне тіркеуші камералар көмегімен 2 мыңға таяу әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған», - делінген хабарламада.

Нақтылай кетсек, ішімдік ішу және қоғамдық орындарға мас жүруге қатысты 1 830 оқиға (ҚР ӘҚБТК-нің 441-бап), қоғамдық орындарда темекі тартуға қатысты 111 оқиға тіркелген (ҚР ӘҚБТК-нің 441-бап).

Соңғы жаңалықтар